Жолдау – ел ертеңінің бағдары
Президентіміздің айтылған Жолдауында, дамудың бағыт-бағдарын анықтап ашып айтып отыр. Айтылды, істелді. Осы бағытпен келе жатқан Қасым-Жомарт Кемелұлы өз бастамаларының басым бөлігін жүзеге асырды. Елді қуантқан «Ұлттық қор балаларға» арналған жобасы айтылды, қалай болады екен, қалайша іске асады екен деген сұрақтар елді елеңдетіп қойғаны да өтірік емес. Ақпанда бірін-біріне сүйінші сұрай хабарласқан ағайынның қуанышы, алғысы мен ризашылығы барлық жерде айтылып жатыр. Демек, халықтың тұрмыс сапасына тікелей əсер ететін бастамалар экономиканың жаңа үлгісіне өту барысында да тоқтамай жалғасын тауып, келе жатыр тікелей Əділетті Қазақстанның экономикалық бағдары атты жолдаудағы барлық міндеттерді атқаруға үш жыл берілді. Қалай дегенмен де көп нəрсе айналып келіп өзімізге де тіреледі.
Президент Жолдауда «алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі жəне жан-жақты əлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет» — деген ойды айтты. Реформаны жасайтын жасанды интелект емес, жаны бар адамдар. Еліміздің жанашыры мына біз. Демек, əрқайсымыз өз саламыз бойынша мейлінше еңбектеніп, ұтымды ұсыныстарды ұсынып, ойымызды ортаға салып, реформа жасау ісіне атсалысып, Президенттің жанынан табыла білсек, бітпес шаруа болмайтынын тағы да бір дəлелдеген болар едік.
Гүлназ САҒЫМБЕКҚЫЗЫ,
Борсеңгір ауылдық округі əкімі аппаратының бас маманы.