Жолдау – ел ертеңінің бастауы
Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауында өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Президент Жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. Биылғы Жолдаудың негізгі мəні еліміздің экономикалық əл-ауқатын арттыруға халқымыздың дамуына арналып отыр.
Жолдауда ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, əл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар бастамалардың бар болғаны, денсаулық сақтау жəне білім беру саласында мүмкіндіктер туғызғаны көңіл қуантарлықтай. Аталмыш Жолдауда сонымен қатар балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, тəрбиешілердің жалақысын көтеру, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынғандығы туралы атап өтті.
Биылғы Жолдауында ел Президенті Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық тəуекелдерді еңсере отырып, тұрақты жəне қуатты экономикасы бар гүлденген елге айналу мүмкіндігінің зор екенін атап өтті.Кез келген елдің дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – сол елдегі халық санының өсуі мен адам ресурстары. Халық пен экономикалық мəселелер бір-бірімен тығыз байланысты.
Бұл Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын ұсынып, он сегіз жасқа дейінгі балалардың есепшоттарына кірістің елу пайызы аударылып отыратынын айтты. Бұл жаңалықты көпшілік қуана қарсы алғаны сөзсіз.
Елдос ОСПАНБЕКОВ,
Жастар ресурстық орталығы басшысының м.а.