Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Инвестициялар – экономика тұрақтылығының тірегі

Инвестициялар – экономика тұрақтылығының тірегі

Бүгінде дамыған әрбір мемлекет ел азаматтарының өмір сүру сапасының жоғары болуын алғашқы орынға қояды. Осы орайда елдің экономикасы тікелей маңызды рөл атқарады. Жалпы экономикалық саясаттардың ішінде инвестициялық саясаттың алар орны айтарлықтай.

Инвестиция – экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi. Бүгінде Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында «Инвестициялар – экономика тұрақтылығының тірегі» деп біздің ұлттық экономикамыздың дамуының негізгі тірегін атап өтті. Осыған байланысты қазір еліміздің түкпір-түкпірінде өнеркәсіп салалары, жаңа кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, инвестиция саласына біршама алға жылжуда.
Мәселен, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында біздің кентімізде ағымдағы жылы «Қазцинк» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында 60 пәтерлі үй салу жобасы іске қосылды. Бүгінде аталған құрылыс жұмысы қызу басталып кетті. Кенттегі жаңа жобаға «Имсталькон-Темиртау» ЖШС мердігер компаниясы жетекшілік етуде. Сондай-ақ, кентімізде спорт нысандарын дамыту мақсатында 2024-2025 жылдарға бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Аталған жоба «Қазцинк» ЖШС арасындағы меморандум аясында іске асырылады.
Еліміздің экономикасын тұрақты етіп, оны елдегі әр азаматтың өмір сүру сапасын жоғары деңгейге жеткізу үшін инвестиция саласын күшейтуіміз керек. Біз бүгінге дейін шикізат бағытымен дамушы елдер қатарында болсақ, енді өндiрiстiк құрылымды дамыту, өнеркәсiп, инфрақұрылым салаларын жетiлдiру бағытында әлемдік деңгейге көтерілуіміз еліміз үшін аса маңызды. Бұл – біздің тұрақты экономикаға, әлем таныған алдыңғы қатарлы ел болуға жол ашпақ.

Қайрат ЖАНСАҒЫМОВ,
Жәйрем кентінің әкімі.

09:25
114
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.