Өңір басшысы ең алдымен аудан орталығында салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Нысанның маңыздылығын атап өткен облыс әкімі жұмыс күшін арттырып, құрылысты жылу маусымына дейін аяқтауды тапсырды.
2025 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құрылымдарына Ұлытау облысынан шамамен 800 азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған.
Көрермендердің қол шапалағы мен домбыра үні астында, Кеңгір жағалауында осы жаздың ең әсерлі әрі жанға жақын спорттық мерекелерінің бірі — ұлттық турнирдің облыстық кезеңі «Қажымұқан жолы» өтті.
2025 жылы Жезқазған қаласының әкімдігі қалаішілік жолдардың сапасын жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
С 1 сентября 2025 года в Казахстане начнёт действовать важное обновление: онкоскрининги становятся бесплатными и доступны всем гражданам — даже тем, кто не застрахован по ОСМС.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі конференцияны шақыру бастамасын көтергені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді.
Сәтбаев қаласында жұмысшы мамандық иелерін қолдауға бағытталған «Сәтбаев жұмыскер» жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба Сәтбаев қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» акционерлік қоғамының бірлесуімен жүзеге асырылуда.
Ұлытау облысында өткен брифинг барысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы көлеңкелі экономикаға, қаржылық пирамидаларға және заңсыз өнім айналымына қарсы бағытталған іс-қимылдардың аралық қорытындыларын ұсынды.