Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен азаматтық істі қарау барысында коммуналдық мемлекеттік казыналық кәсіпорынына жекеше ұйғарым шығарылды.  

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен азаматтық істі қарау барысында коммуналдық мемлекеттік казыналық кәсіпорынына жекеше ұйғарым шығарылды.  

▪️KМКК ЖШС-нің үстінен өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен жүгінді.  

▪️Іс материалдарынан тараптар арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны, оның талаптары бойынша жауапкер келісімде белгіленген мерзімде камераларды КО бағдарламасына қоса отырып, мектепке дейінгі балалар мекемесіне бейне камераларды орнатуға міндеттенгені анықталды, бірақ жеткізуші міндеттемелерді орындамады. 

▪️Сотқа жүгінуге жауапкердің мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы негіз болды. 

▪️«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс беруші оған міндеттемелерді бұзу фактісі белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінуге міндетті. 

▪️Алайда, талап қоюшы көрсетілген мерзімді бұзған, бұл соттың өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне негіз болған. 

▪️Істі қарау нәтижесінде «Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне талап қоюшы КМКК-ге тиісті шара қолдану туралы жекеше ұйғарым шығарылды. 

▪️Шешім, жекеше ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.  

t.me/ulytaysud

12:05
181
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.