Ауылым Қараағаш
Ауылым -алтын бесігім деп депте біздің ата бабаларымыз ерте заманнан-ақ ауылдың жай күйі мен қасиетіне ерекше зер қойып, тіпті оны қазақи ұғым түсініктермен де байланыстыра отырған
Менің ауылымда өз жерімен өз тау тасымен ,ғажап табиғатымен ерекше.Қараағаш көне дәуір ескерткіштеріне өте бай тарихи аймақ.Көне дәуәрден бастап, тарихымен, батыр бабаларымыздың осы ауыл аймақта болғанын аңғырып біле аламыз.
Ауыл-әрбір қазаққа етене жақын.Менің ауылым,өзіме де өте ыстық.Ауылымда көптеген орман бар, бұл ауыл үшін ғажап көрініс.Демалысқа келгенде орманға барып, тауа ауамен тынығып қайтамыз.Ауылдың түтіні, самал желі, тұрмыс тіршілігі, таза ауасы-баға жетпес асыл қазынасы.Қараағаш ауылы тұрмыс тіршіліктің қайнаған ортасы.Ауылым мен үшін, атқа мініп, әсем табиғаттың бейнесін көруіме себепші.
Менің ауылым ең қасиетті, бойыма күш жігер беретін, тынысымды кеңейтетін мекен.
Қазақтың ерекше сөзімен қорытындыласам, ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді.
Хасенова Сәнерке
Журналистка факультеті
1 курс студентті