Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және жасыл технологияларға көшу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам.
Қоршаған ортаны қорғау – барша адамзат үшін өзекті міндет. Жолдауда Президентіміз экология мәселелеріне жан-жақты тоқталып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық балансты сақтау және ауа мен судың сапасын жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар білдірді.
Жасыл технологияларға көшу – экономиканың тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тәсілі. Бұл, ең алдымен, энергияның жаңартылатын көздерін дамыту, өндіріс процесін экологияландыру және қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жүзеге асады.
Ел тұрғындары мен бизнес құрылымдарының бірлескен күш-жігері арқасында, біз табиғатымызды қорғап, келер ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдыруымыз керек. Президенттің жолдауы еліміздегі әрбір азаматтың экологиялық мәдениетін арттыруға, тұрақты даму принциптерін ұстануға, сондай-ақ экологияны қорғауға бағытталған жобалар мен бастамаларды қолдауға шақырады.
Біз баршамыз, қоғам болып, Президентіміздің Жолдауын қолдай отырып, экологиялық жауапкершілікті өзімізге аламыз және табиғатымызды сақтауға үлес қосамыз!

Дарын Төлеубай — «Бірлік» волонтерлік ұйымының жетекшісі, Жыл волонтері, қоғамдық пікір көшбасшысы.

16:30
228
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.