Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытауда үйлердің су астында қалуына себепші болғандарға қатысты тергеу аяқталды

Ұлытауда үйлердің су астында қалуына себепші болғандарға қатысты тергеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша, сондай-ақ «Жезді өзенін санациялау» жобасы шеңберінде тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді аяқтады.

Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталды, бұл жобалаушы мәлімдеген өзеннің су көлемінің өткізу қабілетін азайтты.

Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.

Лауазымды тұлғалардың аталған қылмыстық әрекеттері ағымдағы жылдың көктемінде төтенше су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты. Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды.

Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, Конституцияның 77 — бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін барлығы кінәсіз деп есептеледі.

Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР ҚМА Баспасөз хабарламасы.

10:50
65
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.