Сот талқылауындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
Әрбір адамның және азаматтың құқықтарының заң алдында тең болуы Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген. Адам құқықтары ол өз ойын, мақсатын, мүддесін заң аясында жүзеге асыру мүмкіндігі.
Іске қатысатын адамдардың құқықтары бар, оның ішінде іс-материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға, іске қатысатын басқа тұлғаларға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға, өтінішхаттар, оның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша, қосымаша дәлелдемелерді талап ету туралы, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы өтінішхаттар беруге.
Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында берілген басқа да процестік құқықтарды пайдалануға құқығы бар. Олар басқа адамдардың құқықтарын теріс пайдаланбай, олардың мүдделерін бұзбай, өздеріне тиесілі барлық процестік құқықтарды адал пайдалануға тиіс және істерді қарау мен шешу мерзімдерін қасақана созып жіберуге жол бермеуі тиіс. Қылмыстық процестерге қатысушылар — қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өз құқықтарымен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен қорғайтын тұлғалар: прокурор /мемлкеттік айыптаушы/, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, күдікті, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбірленуші.
Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді және олардың бірдей процестік міндеттері болады.
А. Ахметжан, Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы.