Ұлытау облысының прокуратурасы аймақта алаяқтықпен күресу жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда

Облыстың көптеген азаматтары әлеуметтік желілерде инвестиция арқылы «қаражатты оңай көбейтуге болады» деген жалған жарнамаға сеніп, алаяқтардың құрбанына айналады.
Мысалы, Облыс тұрғыны «Kaspi Profit» атты жарнамадан «қаражатты инвестиция арқылы көбейтуге болады» деген хабарламаға сеніп, жеке деректері туралы мәліметтер қалдырған.
Әрі қарай аналитик маманы ретінде өзін таныстырған алаяқ, белгісіз нөмірден хабарласып, қаражат көбейту туралы түсіндіру нәтижесінде жәбірленуші ұялы телефонынан «Kaspi Profit» қосымшасын жүктеп алып, қосымшадағы жеке шотына алаяқтың нұсқауымен 50 мыңнан бастап 6 млн теңгеге несие рәсімдеп қаражат толтырған.
Нәтижесінде алаяқтар «инвестиция арқылы 18 372$ қол жеткіздіңіз» — деп сендіріп, оны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін «Global finance» компаниясы арқылы жеткізіп беруге мүмкіндік бар екенін, сол үшін тағы 3 млн қаражат салу қажеттігін көрсеткендіктен, жәбірленуші оның айтқанына келісіп, тағы 3 млн теңге ақша қаражатын белгісіз шоттарға аударған.
Осылайша облыс тұрғыны 9 млн. теңгеге несие рәсімдеп алаяқтардың құрбанына айналған.
Тағы бір жағдай, а.ж. ақпан айында Жезқазған қаласының тұрғыны осы «Kaspi Profit» арқылы қаражат көбейтіп беремін» — атты жарнамаға сеніп, 5 млнға жуық несие рәсімдеп, белгісіз шоттарға аударып жіберген.
Құрметті облыс тұрғындары, сақ болыңыздар, өзіңізді алаяқтардан қорғаңыз, жеке ақпаратты, төлем картасының нөмірлерін, кодтар мен құпия сөздерді бермеңіз, күмәнді төлемдерді жасамаңыз, тексерілмеген қосымшаларды орнатпаңыз.
Ұлытау облысының прокуратурасы.