КАНДИДАТТАР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлдібек Тәуекелов өзге де кандидаттармен бірге Жезқазған музыкалық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар өздерін таныстырып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндады. Сондай-ақ қатысушылар алдағы кезеңде Ұлытау облысында жүзеге асырылатын ауқымды жобалар мен өңірдің даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Атап айтқанда, алдағы жылдары облыста білім беру және денсаулық сақтау салаларында бірқатар ірі құрылыс жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар өңірдің мәдени инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа нысандар бой көтермек.
Кездесу барысында кандидаттар аталған бастамалардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және жастардың әлеуетін ашуға ықпал ететінін атап өтті.
Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Ұлытау.
Заказчик: Құрмансейіт А.А.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Ұлытау.