Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытауда Бағдат Айтенов атындағы "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Ұлытауда Бағдат Айтенов атындағы "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Ұлытау ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция подполковнигі Бағдат Айтеновтің есімі берілген «Жас сақшы» сыныбының ашылуы өтті. №1 тірек мектептегі бұл бастама жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыруға, құқық қорғау органдарының жұмысымен тереңірек танысуға және оларды елге қызмет етуге ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Изображение

Бағдат Айтенов 1992 жылдан бастап Ұлытау аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор болып еңбек жолын бастаған. Кейінгі жылдары тергеу бөлімінде тергеуші лауазымын абыроймен атқарып, өмірінің соңына дейін аудандық полиция бөлімінің орынбасары қызметінде болды. Ол өзінің адалдығымен және елге деген шексіз қызметімен көпшіліктің құрметіне ие болған абзал жан еді.

Изображение

Жаңадан ашылған «Жас сақшы» сыныбына 16 оқушы қабылданды. Олар арнайы оқу бағдарламасы бойынша дәрістер алып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізеді, сонымен қатар түрлі іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

Изображение

Салтанатты шараға Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатаев, аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, Бағдат Айтеновтің отбасы мүшелері, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Изображение

Департамент бастығы Қайыркен Әлиев өз сөзінде: «Бүгін біз ерекше маңызды шараның куәсі болып отырмыз. 2010 жылы қызметтік борышын атқару үстінде қаза тапқан полиция подполковнигі Айтенов Бағдат Қойшықараұлының жарқын есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында, жас сақшылар сыныбының ашылу рәсімін өткізіп отырмыз. Бүгінгі ашылып отырған жас сақшылар сыныбы – болашақ құқық қорғаушыларының бойында патриоттық рухты оятып, жауапкершілік сезімін арттыратын және кәсіби біліктіліктерін дамытатын білім ордасы болмақ», — деді.

Изображение

Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлерін еске алу мақсатында еліміздің әр түкпірінде «Жас сақшы» полиция сыныптарын ашу қолға алынған болатын. Бүгінгі «Жас сақшы» полиция сыныбы облыста төртінші рет ашылып отыр.

Изображение

Изображение

12:40
49
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.