Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

— Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.
Оның мұрасы — бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.
Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.
«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады, — деді Мемлекет басшысы.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-al-farabi-ordenn-engzud-usindi-d036c7/