Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі

Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі

Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 44-пленарлық апталығы аяқталды. Іс-шараға ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің делегациялары, FATF, FATF үлгісіндегі өңірлік топтар, халықаралық ұйымдар мен байқаушылар қатысты.

Изображение

Жаһандық және өңірлік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері талқыланды. Жасанды интеллект технологияларының ықпалын зерделеуге, сондай-ақ 2026–2027 жылдарға арналған ұлтаралық тәуекелдерді бағалауды дайындауға ерекше назар аударылды.

2023 жылғы өзара бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан FATF стандарттарына сәйкестендіру мақсатында ұлттық заңнамаға ауқымды өзгерістер енгізуді бастады. Түзетулер алты кодекске, он заңға және ондаған өзге де нормативтік құқықтық актілерге енгізілді.

Пленарлық отырыста Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы ұлттық жүйенің прогресі жөніндегі алғашқы есепті ұсынды.

Нәтижесінде Қазақстанның FATF-тың төрт негізгі Ұсынымы бойынша рейтингі «едәуір сәйкестік» деңгейіне дейін көтерілді. Атап айтқанда:

– терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;

– жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;

– заңды тұлғаларды қылмыстық мақсатта пайдаланудың алдын алу және бенефициарлық меншік иелерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

– қаржы ұйымдарын қадағалау.

Халықаралық делегациялар Қазақстанның номиналды тұлғаларды заңсыз пайдалану тәуекелдерінің алдын алу және төмендету бағытында қабылдап жатқан шараларын оң бағалады.

Бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу және ҚЖ/ТҚ саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жұмыстары ерекше атап өтілді.

Қазақстан Республикасының қорытынды прогресс есебі сапа мен FATF стандарттарына сәйкестік талдауынан өткеннен кейін ЕАТ-тың ресми сайтында жарияланады.

Қол жеткізілген нәтижелер – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен жүйелі жұмысының қорытындысы. Қазақстан халықаралық талаптарды, заманауи сын-қатерлер мен үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұлттық жылыстатуға қарсы жүйені одан әрі жетілдіруді жалғастырады.

ЕАТ-тың келесі, 45-пленарлық апталығы 2026 жылғы қарашада Тәжікстан Республикасында өтеді.

18:20
11
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.