ЖезУ-да рекрутингтік кездесу өтті

О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде экономика мамандықтарының студенттері үшін Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерімен рекрутингтік кездесу өтті.

Шара барысында ведомство мамандары экономикалық тергеу органдарындағы қызмет бағыттары, қаржылық мониторинг жүйесінің жұмыс ерекшеліктері, жұмысқа қабылдау талаптары және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттер мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен болашақ кәсіби даму жолдары жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Сонымен қатар департамент 35 жасқа дейінгі азаматтарды экономика, қаржы және IT салалары бойынша қызметке шақыратынын атап өтті.
Қосымша ақпарат алу үшін Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 144 мекенжайы бойынша жүгінуге болады. Сондай-ақ кезекші бөлімнің телефоны: 8 (7102)77-30-62 арқылы хабарласуға болады.