Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Мемлекеттік қызметшілерінің этикасы

 Мемлекеттік қызметке мемлекет атынан және оның мүддесі үшін мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарға сәйкес басқарудың әртүрлі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын азаматтардың еңбек қызметі кіреді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші құзыретті, жауапты, коммуникабельді болуы, жұмыс үдірісін ұйымдастыра білуі, салауатты сөйлеу білуі және мемлекетті қызметшінің әдеп нормалары мен этикетін сақтауы тиіс.

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметші үнемі өзіне мынадай сұрақтарды қоюы керек: Мен өз әріптестеріме және азаматтарға әділетті әрі адал қарым-қатынас жасаймын ба? Мен әдептік құқық бұзушылықтарға төзбеушілік және парасаттылық қағидаттарын қаншалықты сақтаймын? Мен қоғамның биік сенімін ақтау үшін қандай болуым керек? Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс.

Мемлекеттік қызметші ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын және оның қызметін реттейтін заңнамалық және тәртіптік ережелерін сақтауға міндетті.

Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс.

Әрбір адамның жағымды бейнесі оның тек кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі — қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшінің қарапайымдылық, сыпайы бейнесіне сай келмейтін өрескел суреттер орналастыруға тиым салынады.

Қорыта келе, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы-ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып саналады.

Жезқазған қаласының тергеу сотының бас маманы — сот отырысының хатшысы Г.А.Дарибаева

15:20
79
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.