Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында барлық 7 партияның өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде

Ұлытау облысында барлық 7 партияның өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде

Саяси додаға қатысатын 7 партияның өңірлік штабтары Ұлытау облысында сайлаушылармен кездесулер өткізіп, түрлі форматтағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаларын таныстырып қана қоймай, тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен ашық пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылауда.

 «Әділет» партиясының өкілдері өңірде «Есіктен есікке» акциясын ұйымдастырып, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізді. Сонымен қатар базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, вокзалдар және адамдар көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

 29 шілдеде Республикалық Штаб өкілдері Жезқазған қаласына жұмыс сапары аясында «Жезқазған байыту фабрикасы» мен «Жезқазған мыс балқыту зауытының» еңбек ұжымдарымен, өңір жұртшылығымен, спортшылармен және медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында өндіріс, әлеуметтік сала және өңірдің даму мәселелері талқыланады. Сондай-ақ «Әділет» партиясына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

 Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының белсенділері Жезқазған қаласындағы Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тұрғындармен және мекеме ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік қолдау, қоғамдағы өзекті мәселелер мен азаматтардың ұсыныс-пікірлері төңірегінде ашық диалог ұйымдастырылды.

 Қазақстан Халық партиясының өңірлік штабы еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Партия өкілдері Сақтандыру компаниясының қызметкерлерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесулерде еңбек адамдарының әлеуметтік қорғалуы, тұрақты жұмыспен қамту, еңбек жағдайларын жақсарту және өндіріс саласын дамыту мәселелері талқыланды.

 «Ауыл» партиясының өкілдері өңірде бірнеше форматтағы іс-шара ұйымдастырды. Партия жанындағы Отбасы, әйелдер және балалар ісі жөніндегі комиссияның бастамасымен «Әйелдердің саясаттағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар Жезқазған медициналық колледжінің педагогикалық ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, қоғамдық көліктерде «Ауылым – әнім» музыкалық акциясы өткізілді.

 «Ақ жол» демократиялық партиясы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырды. Партия өкілдері Жезқазған қаласында тұрғындармен кездесулер өткізіп, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымымен, Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және «Қазпошта» АҚ қалалық бөлімшесінің қызметкерлерімен жүздесті. Кездесулер барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, қатысушылардың сауалдарына жауап берілді.

 «Байтақ» партиясының өңірлік штабы Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, экология, өңірлік даму және азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

 «Respublica» партиясының өкілдері де өңірдегі еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырды. Жезқазған қалалық орталық ауруханасының ұжымымен, «Племптицеторг» ЖШС және «Жезкенгір» ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесулерде партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылып, денсаулық сақтау, аграрлық сектор, қызмет көрсету саласы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер талқыланды.

 Жалпы, Ұлытау облысында саяси партиялардың өңірлік штабтары сайлау науқаны аясындағы жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Негізгі бағыттардың қатарында еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесулер өткізу, сайлауалды бағдарламаларды таныстыру, ақпараттық-түсіндіру акцияларын ұйымдастыру бар. Мұндай формат партияларға сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді.

18:10
20
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.