Сағындықовтар әулеті – отбасы бірлігі мен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі

Қаражал қаласы. 23 тамыз 2026 жыл.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған Сағындықовтар әулеті бүгінгі маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарын сайлауға отбасымен бірге қатысты.
Сағындықовтар отбасы үшін ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараларға белсенді араласу – өскелең ұрпаққа үлгі көрсетудің бір жолы. Отбасы мүшелері сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
«Мерейлі отбасы» байқауында отбасы құндылықтарын, бірлік пен ынтымақты дәріптеп жүрген Сағындықовтар әулетінің бұл бастамасы азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген жанашырлықтың жарқын көрінісі болды.
«Бірлігі жарасқан отбасы – берекелі қоғамның негізі. Ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азаматтың үлесі бар. Сондықтан бүгін отбасымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық», – дейді Сағындықовтар әулеті.
Сайлауға отбасымен бірге қатысу – балалар мен жастарға азаматтық ұстанымның, елжандылықтың және қоғамдық белсенділіктің маңызын көрсететін тағылымды үлгі.
Сағындықовтар әулетінің бұл қадамы «Отбасы – қоғамның тірегі, ал белсенді азамат – ел дамуының негізі» деген ұстанымды айшықтай түсті.