«Блогерлер қаржы пирамидаларына қарсы: Облыстық экономикалық тергеп-тексеру қызметі қаржылық сауаттылық туралы азаматтық сектор мамандарына семинар өткізді»
«Ұлытау облысының азаматтық секторын дамыту драйвері» шарасы аясында, үкіметтік емес ұйымның ұйымдастыруымен, қоғам қайраткері, кәсіби бухгалтер, салықтық даулар бойынша заңгер және медиатор Айжан Балакешованың, сондай-ақ блогерлердің қатысуымен азаматтық сектор мамандарына арналған ақпараттық семинар өткізілді.
Семинарды Ұлытау облысы экномикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысымен бекітілген 2020-2024 жылдарға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру концепциясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша өңірлік жұмыс комиссиясының жоспарын жүзеге асыру щеңберінде өткізілді. Семинарға қатысушылар аталған бастамалардың негізгі аспектілерімен танысып, олардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат алды.
Семинар барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
• Қаржылық пирамидалар және оларды тану тәсілдері. Қаржылық алаяқтықтың негізгі түрлері.
• Қаржылық пирамидамен байланысты істерді тергеу тәжірибесі, оларды ұйымдастыру және басқаруға қатысты құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ қатысушылар үшін қаржылық жағымсыз салдарлар.
• Қаржылық сауаттылық негіздері және оның азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы.
Сонымен қатар, лудомания мәселесіне, құмар ойындарға тәуелділікті алдын алу әдістеріне және құмар ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттейтін заңнамалық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Семинар фильмдерден «Мошенники» және «Игрок» фильмдерінің үзінділерін көрсетумен толықтырылып, қаржылық алаяқтықтармен байланысты қауіптерді көрнекі түрде көрсетті.
Қатысушыларға күмәнді қаржылық жобалармен бетпе-бет келген жағдайда экономикалық тергеулер қызметіне жүгіну бойынша қадамдық нұсқаулықтар берілді. Семинардың негізгі мақсаты — азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қаржылық жүйеге деген сенімді нығайту және қаржылық өнімдерге қолжетімділікті арттыру.