Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Алаш алаңындағы мерекелік кеш қаланың бай тарихын, еңбек даңқын және бүгінгі дамуын бейнелейтін «Жұлдызы жанған Жезқазған» музыкалық-хореографиялық композициясымен ашылды. Сахнада елімізге танымал өнерпаздар мен өңірдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Изображение

Облыс орталығының тұрғындарын Қала күнімен Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен құттықтады. Өңір басшысы Жезқазғанның Қазақстан тарихында ерекше орны бар екенін, қаланың еліміздегі ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі әрі жасампаз еңбектің символы саналатынын атап өтті.

Изображение

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи шешімімен Жезқазғанға облыс орталығы мәртебесінің қайтарылуы қалаға жаңа мүмкіндіктер ашты. Біздің ортақ міндетіміз – Жезқазғанды заманауи, көрікті әрі өмір сүруге жайлы қалаға айналдыру. Жүзеге асырылып жатқан барлық жоба, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс», – деді Есет Байкен.

Изображение

Қала күні аясында облыс орталығының түрлі алаңдарында тұрғындар мен қонақтарды біріктірген мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары өтті. Жезқазғанның тарихына, еңбек дәстүріне, мәдениетіне, отбасылық құндылықтар мен белсенді өмір салтына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қала тұрғындары арасында «Үздік аула» байқауы ұйымдастырылды.

Изображение

Бүгінде облыс орталығында тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр.

09:00
19
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.