БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Әлдібек Тәуекелов, Диас Алтынбек және Гүлнара Загирова Сәтбаев қаласындағы №27 мектептің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, білім беру саласын дамытуға бағытталған бастамалар мен жоспарларға тоқталды.
Сондай-ақ білім сапасын арттыру, педагогтердің мәртебесін көтеру, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері талқыланды.
Жиын соңында білім саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Ұлытау.
Заказчик: Құрмансейіт А.А.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Ұлытау.