Кандидат азаматтармен жеке кездесті


«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерболат Сатыбалды тұрғындарды жеке қабылдады.
Кездесуге келген азаматтардың басым бөлігі жұмыссыздық мәселесін көтеріп, өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды.
Аталған мәселе партияның сайлауалды бағдарламасында да қамтылған. Атап айтқанда, 2031 жылға дейін 14 мың жасты жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру көзделген.
Кандидат тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарды жұмыспен қамту және олардың кәсіби дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Ұлытау.
Заказчик: Құрмансейіт А.А.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Ұлытау.