Ұлытау облыстық мәслихатының сайлау комиссиясының жаңа құрамының сайланғаны туралы хабарламасы
Ұлытау облыстық мәслихатының сайлау комиссиясының жаңа құрамының сайланғаны туралы хабарламасы
Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сегізінші шақырылған Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясында 7 мүшеден сайланды (сегізінші шақырылған Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы кезектен тыс оныншы сессиясының «Ұлытау облыстық сайлау комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 98 шешімі).
Сайлау комиссиясының барлық 7 мүшесі саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстары бойынша сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 20-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде сайлау комиссиясының алғашқы отырысында Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары және хатшысы сайланды.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамын және орналасқан жерін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз: Алмаз Серікұлы Нысанбаев – комиссия төрағасы, Бахыт Рахманқызы Битенова — комиссия төрағасының орынбасары, Татьяна Евгеньевна Мацедон – комиссия хатшысы; комиссия мүшелері: Ирина Александровна Ким, Лаура Тәңірбергенқызы Нұрланова, Изтілеу Бекенұлы Түсіпов, Анастасия Владимировна Устюгова.
Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы,1