Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау үшін жауаптылық

Қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау үшін жауаптылық

2022 жылғы 12 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 217-1-баппен толықтырылды, оған сәйкес қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау үшін жауаптылық енгізілді.

Қылмыстық кодекстің 217-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау, яғни айтарлықтай залал келтіре отырып, ақпаратты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдарды оған тартуға алып келген жеке және тікелей тарату мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Көрсетілген баптың 2-бөлігіне сәйкес қылмысты адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, бірнеше рет немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған жағдайда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осыған байланысты азаматтарды қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды, сондай-ақ қысқа мерзімде мол табысқа кенелу сылтауымен халықтын қаржысын тарту бойынша басқа да әрекеттерді жарнамалаудан сақтандырамыз. 

Егер Сіз қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың жарнамасына куә болсаңыз, дереу Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 144 мекенжайы бойынша немесе 8 (7102) 77-30-62 сенім телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.


10:40
49
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.