Қазіргі заманғы қоғамның дамуы мен өркендеуі еңбек адамдарының қажырлы еңбегімен тығыз байланысты
Қазіргі заманғы қоғамның дамуы мен өркендеуі еңбек адамдарының қажырлы еңбегімен тығыз байланысты. Олар өз ісіне адал, жауапкершілікті сезінетін, шығармашылықпен айналысатын және туған елінің игілігі үшін аянбай тер төгетін жандар. Осы себепті де еңбек адамының мәртебесін көтеру, олардың еңбегін насихаттау және қоғамдағы орнын айқындау – маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Еңбек – адамның абыройы мен беделін қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі. Ата-бабаларымыз «Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, адал еңбек адамның өзін-өзі дамытуына, өмірде жетістікке жетуіне және қоғамда лайықты орын алуына мүмкіндік береді.
Мемлекетіміз еңбек адамдарын қолдауға және олардың жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Түрлі әлеуметтік бағдарламалар, кәсіптік білім беру курстары, еңбек нарығын реттеу шаралары – барлығы да еңбекқор азаматтарды ынталандыруға бағытталған. Себебі әрбір саладағы мамандардың кәсібилігі мен адалдығы елдің тұрақты дамуының кепілі болып табылады.
Нағыз еңбек адамы – тек өз мамандығын жетік меңгерген кәсіби шебер ғана емес, сонымен қатар жауапкершілікті сезіне білетін, адалдықты, ұқыптылықты және төзімділікті бойына сіңірген жан. Олар қоғамға пайдалы іс атқарумен қатар, жастарға үлгі болып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына септігін тигізеді.
Еңбек адамы – мемлекеттің басты тірегі. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында ел экономикасы дамып, қоғам көркейе түседі. Сондықтан әр азамат өз саласында адал еңбек етіп, кәсіби шеберлігін арттыруға ұмтылуы қажет. Өйткені шынайы табыс пен абырой тек еңбектің нәтижесінде ғана келеді.
Гульнур Берикова.