Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті екінші тоқсанның қорытындысын шығарды: «Заң және тәртіп» нарративі аясында нақты істерге басымдық берілді

Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті екінші тоқсанның қорытындысын шығарды: «Заң және тәртіп» нарративі аясында нақты істерге басымдық берілді

25 шілде күні Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Кездесу 2025 жылдың II тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарға арналды және «Заң және тәртіп» ұлттық нарративі шеңберінде өтті. Департамент басшылығы қоғам үшін маңызы жоғары істер, жүргізілген талдамалық және алдын алу шаралары туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды атап өтті.

Есептік кезеңде негізгі назар экономикалық қылмыстарды анықтап, жолын кесуге бағытталды. Бұл – ақша жылыстату, криптовалюта арқылы жасалатын схемалар, қаржылық пирамидалар мен цифрлық алаяқтықтар. Тоқсан ішінде екі қылмыстық іс тергелді. Соның бірі бойынша сот үкімі шықты. Ал екіншісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында 5,9 миллион USDT көлемінде криптовалюта тәркіленіп, Агенттіктің арнайы шотына аударылды.

Басым бағыттардың қатарында — пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл. Өңірде заңсыз жер қойнауын пайдаланудың екі фактісі анықталып, мемлекетке келтірілген залал есептеліп жатыр. Бұған дейін өңірде резонанстық іс тергелген болатын: мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам залал келтіріліп, 3,5 миллиард теңгеден астам кіріс жалған шот-фактуралар арқылы заңдастырылған. Бұл іс – өңір тарихында заңсыз өндіруден бастап табысты жылыстатуға дейінгі бүкіл тізбекті дәлелді түрде ашып көрсеткен алғашқы іс. Күдіктіге қатысты сот үкімі шыққан.

Жалған қаржы ұйымдарының қызметін тоқтату да ерекше назарда болды. Атап айтқанда, облыс аумағында Bivexo Group Limited және Asar Baspana қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы тоқтатылды.

Сонымен қатар, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында 8 мыңнан астам электронды темекі тәркіленді. Олардың өңірге заңсыз жеткізу арналары анықталды. Бұл ретте интернет кеңістігін үздіксіз бақылау жалғасуда: жыл басынан бері қаржы пирамидалары, онлайн-казино және күмәнді криптоқызметтерді насихаттайтын 500 интернет-ресурс анықталды.

Бұдан бөлек, халықпен жұмыс және алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінуде. Департамент түсіндіру жұмыстары аясында семинарлар, форумдар, подкаст жазбалар, онлайн-кездесулер мен телебағдарламалар ұйымдастырады. Мұның барлығы азаматтарды алаяқтық схемаларға түсіп қалудан сақтап, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Алдағы уақытта Департаменттің жұмысы алдын алу шараларын күшейтуге, цифрлық алаяқтықты бақылауға, тергеп-тексеру ашықтығын қамтамасыз етуге және адал кәсіпкерлікті қорғауға бағытталады.

Соб кор.

16:25
98
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.