ТАЗАЛЫҚ ҚАЛАМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ: 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КЕҢГІР АУЫЛЫНА АТТАНДЫ

Жезқазған қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Таза бейсенбі» акциясы бұл жолы жаңа форматта өтті. Қалалық мекемелердің қызметкерлері тазалық жұмыстарын орталық көшелерде емес, Кеңгір ауылында ұйымдастырды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында 100-ге жуық мемлекеттік қызметші, жастар мен еріктілер ауылға арнайы барып, тазалық жұмыстарына жұмылды. Акцияға Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев та қатысып, көпшілікпен бірге еңбек етті.

Бастаманың басты ерекшелігі — қала қызметкерлерінің ауыл тазалығына бірлесе атсалысуы. Өйткені тазалық пен абаттандыру тек қала орталығымен шектелмеуі тиіс. Қалаға қарасты әрбір елді мекеннің көркеюі бірдей маңызды.

Шара барысында ауыл аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айнала ретке келтірілді.
Мақсат — бір күндік тазалықпен шектелмей, ауылдарға тұрақты көңіл бөлу және туған жерге деген жанашырлықты нақты іспен көрсету.
Тазалықтың шекарасы жоқ. Қаланың көркі де, ауылдың ажары да — ортақ жауапкершілік!